RU

Қазақстандағы ең қауіпті мамандықтар рейтингі жасалды

Қазақстандық сақтандырушылардың мұндай зерттеу жүргізуіне Түркияда көмір шахтасында осыдан аз уақыт бұрын 301 адамның өмірін қиған апат себеп болды, деп жазады "Экспресс К" газеті.

Kompetenz сақтандыру компаниясы сарапшыларының мәліметтеріне қарағанда, Қазақстандағы ең қауіпті мамандық кеншілердің жұмысымен байланысты болып отыр. Ол өткен жылы тіркелген қайғылы оқиғалардың 49 пайызын құрады.

Екінші орында құрылысшылар тұр. Нақты алғанда, жоғары биіктікте жұмыс істейтін бетоншылар, дәнекерлеушілер мен сылап-майлаушылар. 2013 жылы олардың үлесіне 10 пайыз сақтандыру жағдайы тиген.

Аталған статистиканың үшінші сатысында мұнай-газ секторының жұмысшылары - 9 пайыз. Төртінші орында - электршілер, электромонтерлер және темір ұсталары.

Статистикалық агенттік мәліметтері бойынша, өткен жылы өнеркәсіп орындарында 301 қазақстандық мерт болған, 1997 адам жарақат алған.

Сақтандырушылар өнеркәсіп орындарындағы қайғылы жағдайлар төмендегенін атап өткен, бірақ кәсіби дерттер саны артып келеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/315126-kazakstandagy-en-kauipti-mamandyktar-rejtingi-zhasaldy.html