RU

Биыл Қазақстанда әлемдегі ең ірі мұражай ашылады

Биыл 6 шiлде күнi 14 залдан тұратын әлемдегi ең iрi мұражайлардың бiрi Қазақстанның ұлттық музейi ашылмақ. Бұл туралы бүгiн мәдениет министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

"6 шiлде күнi Қазақстанда ұлттық мұражай ашылмақ. Ол дүние жүзiндегi ең iрi музейлердiң бiрi болмақ. Оның ерекшелiгi көне дәуiрден қазiргi Қазақстан тарихын қамтымақ. Онда 14 зал бар, оның 12-сi нақты бағытталған залдар. Атап айтар болсақ, археология, XV ғасырдағы Қазақстан, Тәуелсiз Қазақстанның жетiстiгi, сақ пен ғұн дәуiрiндегi артефактiлер сынды залдар болмақ, - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Соныме қатар, мұражайда Астана қаласының жетiстiгi де көрсетiледi. Егемендiк жылдарындағы елiмiздiң спорт, ғылым, бiлiм, өнерксiп және тағы да басқа салалардағы жетстiктерi көрсетiледi.

Сонымен қатар, мәдениет министрi ұлттық музей барлық мұражайлардың басын бiрiктiретiн орталыққа айналатындығын атап өттi.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/315169-biyl-kazakstanda-elemdegi-en-iri-myrazhaj-ashylady.html