RU

Қызылорда облысының кеден департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды

Қызылорда облысындағы Кедендік бақылау департаменті директорының орынбасары Шымырбай Ағабеков қызметінен босатылды.

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұйрыққа ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті басшысы қол қойған.

Бірақ хабарламада Ағабековтың неліктен қызметінен босатылғаны туралы айтылмай отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/315374-kyzylorda-oblysynyn-keden-departamenti-basshysynyn-orynbasary-kyzmetinen-bosatyldy.html