RU

Шымкентте нөсерлетіп құйған жауыннан бірнеше елді мекенді су шайды (видео)

Шымкентте нөсерлетіп жауған жауын бірнеше елді мекен мен көшені шайып кетті. Небәрі бір сағаттың ішінде бір айлық жауын жауған.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар басқармасы басшысының орынбасары Ерік Сарыбаев арнайы ұйымдастырылған брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Bnews.kz.

Оның айтуынша, бүгін Шымкентте табиғат тосын мінез көрсетті. Қатты жауған жаңбырдың салдарынан біршама елді мекен мен көшені су шайған. Небәрі бір сағаттың ішінде бір айлық жауын жауған. Мәселен, бір айда бір шаршы метрге 30 миллиметр жауын жауатын болса, Қазгидромент Шымкентте бір сағаттың ішінде бұл көрсеткіштің 36,9 милиметрге жеткенін анықтады.

"Біріншіден, қалада орнатылған элегациялық жүйелер мұнша суға есептелмеген. Екіншіден, қаладан ағып өтетін өзендер, арықтар бұл мөлшерде су қабылдауға лайықталмаған. Үшіншіден, қала бойынан өтетін өзен, арықтарға тұрғындар өткелдер салғанының кесірінен сумен ағып келген қоқыстар кептеліп қалып, елді мекендерге қауіп төндірген", − дейді басқарма басшысының орынбасары.

Ерік Сарыбаевтың хабарлауынша, қазіргі уақытқа дейін қала тұрғындарынан 64 хабарлама түскен. Төтенше жағдайдың салдарын жою үшін 42 техника мен 130-дан астам жұмылдырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/315763-shymkentte-noserletip-kyjgan-zhauynnan-birneshe-eldi-mekendi-su-shajdy-video.html