RU

Жапонияда мас адамдардың фотолары билбордтарға ілінді

Жапонияда ішімдікпен күресу үшін ерекше әдіс табылған. "Яочо" барларының желісі мас күйінде көшеде ұйықтап қалған, құлап жатқан тұрғындарды дәл сол жерде билбордқа айналдыруда.

Ол үшін ұйымдастырушыларға түрлі-түсті жапсырғыш скотч пен қатты қағаздар керек. Сөйтіп, жерде жатқан "билбордтарды" ұйымдастырушылардың өздері де, өткен-кеткен адамдар да суретке түсіріп, ғаламтордағы әлеуметтік желілерге шығарады. Осылайша, мастар бірден атақты болып, туған-туыстары, дос-жараныдарының көзіне түседі.

Жапондықтар, әсіресе, ішімдікке жексенбі күндері салынады. Токиода демалыстарда бардан үйіне жете алмай, құлап жатқан мыңдаған адамды кездестіруге болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, күн шығыс елінде абырой жоғары бағаланады. Сондықтан, абыройын айрандай төгіп, ғаламтор бетіне мас күйінде домалап жатқан жерінде түсіп қалмау үшін, тұрғындар салынып ішпейтін болады, деп сенеді ұйымдастырушылар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/315940-zhaponiyada-mas-adamdardyn-fotolary-bilbordtarga-ilindi.html