Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қолжетімді баспанаға құжат тапсыру үшін жұрт ағылып келді

Опубликовано:

"Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасы бойынша елордалық ХҚКО жарты күн ішінде 590 жас отбасынан құжат қабылдады.

Жас отбасылардан "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасына қатысу үшін тиісті құжаттар Астана қаласының Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандарының халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылдануда және 2014 жылғы 2-14 маусым аралығында жүргізіледі.

Бұл туралы ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің Электрондық қызметтерді және ХҚКО дамыту департаментінің директоры Абылайхан Оспановтың айтуынша, "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасының алғашқы құжат қабылдау күнінде құжат тапсыруға ниет білдірушілер саны өте көп болды. Осыған орай, мекеме басшылығы қосымша құжат қабылдау орындарын (стол) ұйымдастырып, қосымша қызметкерлерді осы іске жұмылдырды.

"Қажетті құжаттардың кейбірін, мысалы мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің бары немесе жоғы туралы анықтаманы бағдарламаға қатысушылар өз үйлерінен, яғни "электрондық үкімет" порталынан ала алады. Ол үшін "электрондық үкімет" порталына кіріп, өтінім беріп, өз өтініміңізді электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландыру қажет. Өңделген құжатты басып шығарып, қажетті құжаттар тізіміне қоса аласыз", - деп атап өтті Электрондық қызметтерді және ХҚКО дамыту департаментінің директоры Абылайхан Оспанов.

"Мекенжай анықтамасында бағдарламаға қатысушы туралы нақты ақпарат көрсетілмеген жағдайда, Көші-қон полициясынан анықтама қажет болады. Әрине, бұл анықтаманы құжат тапсыру барысында сол ХҚКО алуға болады.

Бұдан басқа, өзінің жеке куәлігі және өз отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің нотариалды түрде куәландырылған көшірмесі, неке куәлігі немесе некенің бұзылғаны туралы құжат, жұбайы қайтыс болған жағдайда, қайтыс болғанын растайтын құжат, балалардың туу туралы куәліктері (нотариалды куәландырылған көшірмесі), немесе балалардың жоқтығы туралы анықтама қажет.

Бағдарлама қатысушысының отбасында мүгедек немесе ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 8 қарашадағы № 1309 қаулысымен бекітілген тізбеде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрімен ауыратын адам болған жағдайда, дәрігерлік кеңес комисиясының арнайы анықтамасы қажет.

Ерлі-зайыптылардың бірі жетім немесе 18 жасқа толмай ата-ана қамқорлығынан айырылған болса, қосымша ата-анасының қайтыс болғаны туралы, қамқорлыққа алынуы туралы, балалар үйінде тәрбиеленгені туралы қосымша анықтама қажет.

Баспана беру процедурасының ашық әрі әділ өтуін қамтамасыз ету мақсатында, бағдарламаға қатысушылардың тізімі, олардың жинаған баллдары (ұпай саны) Астана қаласының әкімдігінің - astana.kz және Тұрғын үй басқармасының - uzh.astana.kz ресми сайтына жарияланады. Тұрғын үй комиссиясының оң шешімін алған азаматтардың тізімі БАҚ жарияланады.

Нақты ақпаратты http://www.uzh.astana.kz/ru/node/42050 сайтынан біле аласыздар", - деп жазылған хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/316000-astanada-kolzhetimdi-baspanaga-kyzhat-tapsyru-yshin-zhyrt-agylyp-keldi/

pixel