RU

Соңғы қоңыраудан кейін жоғалып кеткен мектеп түлегінің денесі көлден табылды

СҚО-да соңғы қоңыраудан кейін жоғалып кеткен 17 жасар Владислав Виниченконың өлі денесі көлден табылды.

"Жамбыл ауданындағы Чапаевка ауылынан жоғалып кеткен 17 жасар жасөспірімнің мәйітін іздеушілер тобы Буденное және Чапаевка ауылдары арасындағы көлден тапты. Денеден зомбылықпен өлтірілген белгілер табылған жоқ. Мәйіт сот-медицина сараптамасына жіберілді, оның барысында оқиғаның мән-жайы анықталады", - деп хабарлады өңір ІІД баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 27 мамырда Солтүстк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы ішкі істер бөлімінің кезекші бөлімшесіне Чапаев ауылының тұрғыны 17 жастағы ұлының жоғалғаны туралы хабарлады.

25 мамырда жасөспірім сыныптастарымен бірге Буденное ауылы маңындағы тоғайда мектеп бітіргенін атап өткен. Ол Буденноеде танысының үйіне қонбақ болған. Бірақ та ол үйінде болмаған.

Сағат 23.00-дің маңында ол ұялы телефонмен туыстарына үйге оралатынын хабарлаған. Бұдан кейін оны ешкім көрмеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/316043-songy-konyraudan-kejin-zhogalyp-ketken-mektep-tyleginin-denesi-kolden-tabyldy.html