RU

Қазақстан мешіті әлемнің 10 таңғажайып мешітінің қатарына енді

Қазақстан мешіті әлемнің 10 таңғажайып мешітінің қатарына енді, деп жазады e-islam.kz.

Мәшһүр Жүсіп мешіті - 8 қырлы ғимарат, 48×48 метрлік мешіттің мұнарасы - 63 метр, Жарты ай қойылған күмбезінің биіктігі - 54 метр. Павлодарда орналасқан мешіт күмбезінің түсі - аспан түстес, шаңырақ формасын еске салады.

Мешіттің архитектурасы ашылған жүректі көз алдыңызға келтіреді. Бейне бір ол жүрек бейбітшілік пен мейірімге жол бастап тұрғандай.

Сондай-ақ таңғажайып мешіттер қатарына Малайзиядағы Мөлдір мешіт, Пәкістандағы Фейсал мешіті (Бұл мешіт үлкендігімен ерекшеленеді. 5000 шаршы метрді қамтитын мешітке бір мезгілде 300 000 мұсылман сыяды), Түркиядағы Шакирин мешіті (Түркия), Малидегі Дженнен жұмалық мешіті енді.

Айта кету керек, Дженнен жұмалық мешіті балшықтан жасалған ең үлкен ғимарат. Негізі 1906 жылы қаланған. Малидағы Бани өзенінің сағасында орналасқан. "Ескі қала Дженнемен" бірге 1988 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/316061-kazakstan-meshiti-elemnin-10-tangazhajyp-meshitinin-kataryna-endi.html