Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Білім министрлігі ҰБТ кезінде түлектерді шешіндіру оқиғасы бойынша мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Ұлттық бірыңғай тест кезінде түлектерді тінтіп, шешіндіру фактісі орын алған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев мәлім етті.

"Қазіргі уақытта ата-аналар прокуратураға өтініш жазды. Прокуратура тексерсін, біздің нақты дерегіміз бойынша баланы тінтіген, шешіндірген факті болған жоқ. Бірақ прокуратура толық тексерсін, шешсін, содан кейін сіздерге нәтижесін айтамыз", - деді ол БАҚ өкілінің оқушыларды ҰБТ-ға кірерді шешіндіріп, тексеру фактісінің орын алуына қатысты сауалына.

Сонымен қатар вице-министр журналистің кейбір қыз балалардың жылап, телеарналарға берген сұхбатына қатысты да сауалына жауап берді. "Балалардың неге жылайтынын білесіздер ме? 99 балл аламын деген бала 35 балл алған кезде жылай береді. Сондықтан бұл жерде баланың емтихан біткеннен кейін жылағаны нәтижеге байланысты ма әлде емтихан алдында болған жайтқа байланысты ма екендігін анықтау керек. Тексерсін, көрсін, біздің еш қарсылығымыз жоқ", - деді Т.Балықбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/316672-bilim-ministrligi-ybt-kezinde-tylekterdi-sheshindiru-okigasy-bojynsha-melimdeme-zhasady/

pixel