RU

Жабайы пиязды жинаған зейнеткерге 1 млн теңге айыппұл салынды

Шығыс Қазақстанда жабайы пиязды жинағаны үшін Черемшанка ауылының тұрғыны мемлекетке 1 миллион теңге айыппұл төлемек.

Еліміздің қызыл кітабына енгізілген өсімдікті талғажау қылмақ болған әжейді аймақтағы Глубокое аудандық соты осындай жазаға тартты. Айына 32 мың теңге зейнетақы алатын 60 жастағы кейуана енді 5 жыл бойы осы берешекті өтемек, деп хабарлайды 7-арна.

Светлана Колесникова Черемшанка ауылындағы құс фабрикасында өмір бойы құсшы болып еңбек еткен. Кәсіпорын банкротқа ұшырағаннан бері орманнан жеміс-жидек терумен күн көріп келеді.

Елді-мекеннің тұрғыны енді осы әрекеті үшін мемлекетке қомақты айыппұл төлемек.

Табиғат қорғау полициясы оны жабайы пияз жинап жүрген жерінен ұстап алған.

Жалпы Черемшанка ауылында биыл осындай факт үшін 3 тұрғын жауапқа тартылыпты.

Олардың барлығына табиғатқа аса үлкен мөлшерде зиян келтіргені үшін айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/317037-zhabajy-piyazdy-zhinagan-zejnetkerge-1-mln-tenge-ajyppyl-salyndy.html