RU

ҚазҰУ-дың емтиханнан құлаған үш мыңнан астам студенті дау шығарды

Биылғы жазды үйінде емес, аудиторияда өткізетін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бір топ студенті өз наразылықтарын білдірді. Айтуларынша, үш мыңға жуық студент жазғы сессиясында кредиттік жүйе бойынша университетке миллиондаған теңге қаржы құйған.

Кейбір тәлімгерлер студенттердің сессиядан көптеп сүрінуін университеттің 80 жылдық  мерейтойына қажетті қаржымен де байланыстырып алыпты. Ал, университет басшылары жыл сайын әр сессияда 2-3 мың студенттің емтихандардан құлап, кредитпен қайта оқитынын айтып, бұның ешқандай науқанға қатысы жоқтығын түсіндірді.

Оқудың ақысынан бөлек, емтиханнан құласаң да ақша  төлеттіретін  білім министрлігінің енгізген кредиттік  технологиясы студенттердің қалтасын одан сайын қағып, жығылған үстіне жұдырық болып тиюде.

Бір жылда 3 мыңға жуық оқушының жазғы емхиғанға құлауы университет тарихында бұрын-соңды болып көрмеген.  Енді әрқайсысы кем дегенде 32 мың теңгеден төлеп тапсыруға мәжбүр.Мәселен былтыр журналистика факультетінде студент көп қала бермейтін. Биыл болашақ тілшілердің 30 пайыздан астамы жазғы емтиханға қалып отыр."Жақсы оқыған  өзімінің екі групаласым болатын. Алдына жан салмай оқитын. Бәрімізде таң қалдық. Емтиханнан соң  екеуіне ноль балл қойып бергеніне", - дейді студенттер.Тіпті, кейбір тәлімгерлер студенттердің жаппай  сүрінуін  университеттің 80 жылдық  мерейтойына қажетті қаржы жинаумен байланыстырып отыр. Алайда, Университет басшылығы  бұның ешқандай науқанға қатысы жоқ деді. Жазға қалғандардың көп болғанын, аудиторияларға  орнатылған бейнекамералар мен бақылаудың  қатаң  болғанымен түсіндірді.

Проректордың айтуынша, білім алушылардың алынған миллиондаған қаржының жартысы құрал жабдық алуға, қалған  50 пайызы  мұғалімдерге айлық ретінде  жазылады екен."Біз енді оның  жалақысын төлеу керекпіз ғой. Жалақысы сол жаңағы төленген ақшадан қалыптасады", - деп түсіндірді оқу ордасының басшылығы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/317074-kazyu-dyn-emtihannan-kylagan-ysh-mynnan-astam-studenti-dau-shygardy.html