RU

Қазақстан азаматтары Кореяға визасыз баратын болады

Қазақстан азаматтары Кореяға визасыз сапарлай алатын болады. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков мәлім етті.

Волковтың атап өтуінше, Корея Президенті Пак Кын Хенің елімізге мемлекеттік сапары аясында екі ел арасындағы 17 құжатқа қол қою жоспарланған. Оның үшеуі екі елдің мемлекет басшыларының қатысуымен рәсімделетін болады.

"Сіздердің назарларыңызды мына құжатқа аудартқым келеді. Ол Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы Үкіметтері арасындағы өзара виза талаптарын алмасу туралы келісім болмақ", - деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, бұл келісім жалпыазаматтық төлқұжаты бар Қазақстан мен Корея азаматтарына бір айға дейін бір-біріне визасыз сапарлауға мүмкіндік береді.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, бұл туризмді, медицинаны, ғылыми технологияларды, студенттер алмасу және басқа да жайттарды дамытумен байланысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/317117-kazakstan-azamattary-koreyaga-vizasyz-baratyn-bolady.html