Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәдениет министрлігі Қазақстанда ұлттық көркемдік кеңес құруды ұсынды

Опубликовано:

Бүгін Сенатта еліміздегі мәдени саясатты дамыту Тұжырымдамасын дайындау мәселелері жөнінде өткен "дөңгелек үстел" барысында Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда ұлттық көркемдік кеңес құруды ұсынды, деп хабарлайды Bnews.kz.

Бұл мәдениет нысандарын, соның ішінде өңірлердегі мәдениет нысандарын дамытуға бағытталған бірыңғай жүйені құруға мүмкіндік береді. Мәдениет министрінің айтуынша, бүгінгі күні мәдениет саласында бірыңғай жүйе жоқ.

"Қазіргі кезде білім беру саласындағы нысандар Білім және ғылым министрлігіне, мәдениет нысандары Мәдениет министрлігіне, ал өңірлердегі мәдениет нысандары жергілікті атқарушы органдарға қарайды. Яғни, мәдениет мекемелері арасында өзара байланыс, өзара іс-қимыл жоқ. Осы Тұжырымдама аясында біздің алдымызда үлкен міндет – Ұлттық кеңес құру мәселесі тұр. Өздеріңізге мәлім, Қазақстанда қазіргі уақытта мұндай кеңес Президент жанында да, Премьер-министрдің жанында да жоқ. Өңірлік құрылымдармен өзара іс-қимыл үлгісі ғана бар, сондықтан біз осындай көркемдік кеңес құруды ұсынамыз", - дейді А.Мұхамедиұлы.

Мекеме басшысының айтуынша, қазір бүкіл әлем бірігуге күш салып жатыр.

"Бұл көркемдік кеңестер бізге не үшін қажет? Бірыңғай саясатты ұстану үшін. Мейлі ол облыстық, мейлі қалалық әкімдік болсын, бастысы, бірыңғай репертуарлық, кадрлық гастрольдік саясатты қалыптастыру. Әлемдік жүйеде туризм мәдениетпен үнемі байланыста. Біз мұнда мекемеге бағынуға қатысты жүйені өзгертуді ұсынып отырғанымыз жоқ, тек мәдени туризмді дамытуды ғана ұсынамыз", - дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/317570-medeniet-ministrligi-kazakstanda-ylttyk-korkemdik-kenes-kyrudy-ysyndy/

pixel