Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақты неге жалқау дейді?

Опубликовано:

Нарықтық экономикаға көшкелі бері қазаққа қойылатын негізгі айыптың бірі – жұрт қазақты жалқау дейді. Бірақ бұған қатысты өткенде сол Батыстың ғалымдарының өзі қазақтың еңбекқорлығын еңбектерінде мәселеге арқау етеді деп жазады Алаш айнасы басылымы.

Қазақтың мал басын бейнетпен күтетін қасиетін, диқаншылықтың мехнатын әлі де тартып келе жатқанын, қуаңшылық мәселесі үнемі алқымнан алатынын батыстық ғалымдар осы уақытқа дейін жазбады емес жазды. Тіпті осы арқылы өзге елдер "қазақ бейнетінің зейнетін көруге ұмтылған ел" деген түсінікті де қалыптастырып келеді.

Ал енді біз неге өзімізге "қазақ жалқау" деген айып тағуға бейімбіз? Бір істі тиянақты аяқтай алмағынымызды неліктен осы пәлсапаның аясына сыйғызып жібергіміз келіп тұрады. Алаш айнасы бүгін осы мәселенің астарына үңіліп көруді жөн көрді.

Негізінен мамандардың пайымдауынша, біз бірінші кезекте жерде есесі кеткен елміз. "Сонау патша өкіметі заманынан бастап, қазіргі уақытқа дейін қазақтың қолы құнарлы жерге жеткен жоқ" дейді мамандар.

Қазақ және Жер тағдыры комиссиясының төрағасы Сапабек Әсіпұлы: "Кезінде Ресей империясы қазақтың құнарлы жерлеріне мұжықтарды орналастыра бастаған тұста қазақтар өзінің 45 миллион десиятина ең құнарлы жерлерінен айырылып қалды. Шөл далаға ығысқан қазақта егін шаруашылығы қайдан дамысын? Осындай әрекеттен соң қазақтар отырықшылық көрмеді. Қысы-жазы көшіп-қонып жүруге мәжбүр болды. Көшпенді елдің белгілі бір өнеркәсіп саласымен айналысуы да қиын екені белгілі. Бұл – Кеңес өкіметі құрылғанға дейінгі жағдай. Ал кеңестік өкімет заманында тың игеруді желеу етіп, тағы 25 миллион гектар жерімізден айырылдық. Ең құнарлы деген қазақ даласын Украинадан, Беларусьтен келген тың игерушілер иемденіп қалды. Осылай тағы да құнарлы жерді уыстан шығарып алдық. Қазір жеріміздің 67 пайызы шөл және шөлейтті аймақтар", - дейді.

"Бұларды ғылым тілінде "адамның күнкөрісіне мейлінше қолайсыз аймақтар" деп есептейді. Мамандардың пайымдауынша, мәселен, АҚШ-та, Канада да, басқаны қойғанда, Оңтүстік Африкада құнарсыз, суы тапшы, нәрсіз жерлерде тұратын жандарға жалақысына қоса үстеме төлемақы төленіп тұрады, - деп жалғастырды Сапабек Әсіпұлы. - Ал біз зиянды қалдықтар қоймасына айналған елді мекендерде тұрып жатқан, полигонның зардабын көрген жандарды шөміштен қағып, олар өзге қалаға қоныс аударса, болар-болмас жәрдемақысын төлеуден бас тартамыз".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/317590-kazakty-nege-zhalkau-dejdi/

pixel