RU

Мессидiң голы Аргентинаға жеңiс әкелдi (видео)

Аргентина құрамасы Бразилияда өтiп жатқан футболдан әлем чемпионатында Босния және Герцоговина командасын 2-1 есебiмен ұтып кеттi. Бiрiншi таймның үшiншi минутында Аргентина есеп ашты.

Маркос Рохоның тепкен добынан кейiн босниялық ойыншы Колашинац өз қақпасына доп енгiзiп алды. Бұл бiрiншi таймдағы жалғыз гол болды.

Екiншi кезеңде аргентиналық команданың капитаны және әлемнiң төрт мәрте ең үздiк ойыншысы танылған Лионель Месси осы мундиальдағы алғашқы голын салып, өз ұжымының мерейiн асыра түстi.

Босния және Герцоговина болса, латын америкалық футболшыларға үлкен қарсылық көрсете бiлдi.

Кездесудiң 84-минутында Ибишевич өз елiнiң тарихында әлем чемпионатындағы алғашқы голын салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/317784-messidin-goly-argentinaga-zhenis-ekeldi-video.html