Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздың кіреберіс қақпасындағы сөзді сынаған ақын әкімге ескерту жасады

Опубликовано:

Жамбыл облысының 75 жылдық және "Нұр Отан" партиясының 15 жылдық мерейтойына орай өткен айтыс кезінде айтыскер ақын Біржан Байту Таразға кіреберіс қақпадағы сөзді сынға алған болатын.

Жыр мүшәйрасы барысында Біржан Байту Таразға кіреберіс қақпада "Мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың" деп жазылған сөзді сынап, "Өзгелерге Тараздың қыздарын жарнамалап тұрғандай екен, бұл қазақы болмысымызға жат" дегендей облыс әкіміне назын айтты.

Бас жүлдені тапсыруға шыққан Жамбыл облысының әкімі Кәрім Нәсбекұлы Көкірекбаев жұрт көзінше қала әкіміне тапсырма беріп, ол сөзді басқа сөзге өзгертуін тапсырды.

Сондай-ақ, мүшайра соңында бас жүлдені ( 2 миллион теңге) қызылордалық Нұрмат Мансұров жеңіп алды. Ал бірінші орынға (1 жарым милиион теңге) Қайнар Алагөз ие болды.

Екінші орынға берілген 1 миллион теңгені Әсет Дүйсебай алса, Балғынбек Имашев пен Жақсылық Орынбасар үшінші орынды (750 мың теңге) иеленді.

Бұл айтысқа қатысқан ақындардың ешқайсысы бос қайтқан жоқ. "Нұр Отан" партиясы ұйымдастырған алдыңғы айтыстардағыдай әр қайсысы 500 мың теңгеден қанжығалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/318772-tarazdyn-kireberis-kakpasyndagy-sozdi-synagan-akyn-ekimge-eskertu-zhasady/

pixel