RU

Биологтар бактерияны жеңу жолдарын анықтады

Шығыс Англия университетінің ғалымдары бактериялардың дәрі-дәрмекке қалай төзімді болатынын анықтады.

Ғалымдар жүргізген зерттеу кезінде емдеу процесінде патогендер қатары түзілетініне көз жеткізген. Олар бактериялардың төзімділігін арттыратын Escherichia coli тәрізді теріс бактерияларды зерттеген, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Бұл бактерия жасушаларының қабықшалары тығыз липидті болып келеді. Ол бактерияның иммунитет пен антибиотиктерден қорғаныс қабаты рөлін атқарады. Күні бүгінге дейін ғалымдар бактериялардың бұл қорғаныс қабатын қалай түзетінін білмей келген еді, ал қазір барлығы белгілі болды.

Мамандар бактериялардың липополисахаридтерді жоғары қарай қалай көтеріп, қорғаныс қабатын түзетінін өз көздерімен көрген.

"Егер бұл элементті оқшауласа, қорғаныс тасымалдайтын бактерия өледі. Осыны негізге ала отырып, жаңа антибиотиктер ойлап шығаруға болады. Егер дәрі ішке түспесе, бактерия оны арнайы жүйе арқылы шығара алмайды. Сөйтіп, иммунитетке төзімділік барынша жойылады", - дейді ғалымдар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/318840-biologtar-bakteriyany-zhenu-zholdaryn-anyktady.html