RU

Малайзияда христиандарға "Аллах" сөзін қолдануға тыйым салды

Малайзияның федералдық соты христиандарға "Аллах" сөзін қолдануға тыйымды күшінде қалдырды, деп хабарлайды Би-би-си.

Дүйсенбі күні сот алқасы Herald католик басылымында жарияланымдарға "Аллах" сөзін қолдануға рұқсат берілмегендіктен, шешімді күшінде қалдырды. Басылым нұсқасы бойынша құдайды малайзия тілінде "Аллах" деп айту қажет, ғасырлар бойы солай аталып келген.

 

"Аллах" сөзі - бұл таяу шығыстық және индонезиялық термин, оны мұсылмандар да, христиандар да қолданады", - деп мәлімдеген бұдан бұрын Herald басылымы.

Сонымен бірге, сот тыйымды алып тастау мұсылмандарды жаңылыстырып, бұқаралық толқуға алып келуі мүмкін деп шешті. Талап-арызды Малайзиядағы католик шіркеуі берді, ол 2007 жылы енгізілген тыйымды жоюға қол жеткізген.

Алайда федералдық сот бұл мәселе бойынша бұдан бұрынғы үкімді дұрыс деп шешті. Бұл қаулыға сәйкес христиандардың "Аллах" сөзін қолдануы мұсылмандарды жолдан тайдырып, христиан дініне ауысып кетуіне әкелуі мүмкін.

Малайзияда мұсылмандар халықтың үштен екісін құрайды. Алайда индуистер мен христиандар қауымы да жетерлік. "Аллах" сөзін қолдану туралы мәселе бойынша дау-дамай қиян-кескі сипатта. Бұдан бұрын мешіттер мен шіркеулерді шабуылдауға дейін әкелген.

Жеті судьядан тұратын федералдық сот шешімі көпшілік дауыспен қабылданды. Herald журналының редакторы Лоренс Эндрю сот шешімінен қатты көңілі қалғанын мәлімдеді. Бұл елдегі діни аз қауымның іргелі құқығын қозғайды деді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/318968-malajziyada-hristiandarga-allah-sozin-koldanuga-tyjym-saldy.html