RU

"Аңыз адамның" бас редакторы 13 млн төлеуден бас тартты

"Аңыз адам" журналының бас редакторы Жарылқап Қалыбай соттың үкімімен келіспейді. Сондықтан 13 млн теңгеге бағаланған моральдық өтемақыны төлеуден бас тартып отыр.

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Еске сала кетсек, Алматыда фашизимді насихаттады деген айыппен "Аңыз адам" журналына қатысты осындай сот шешімі шыққан болатын. Оған сәйкес, енді басылым жетекшісі Жарылқап Қалыбай соғыс ардагерлері алдында ресми түрде кешірім сұрауға міндетті.

Сондай-ақ, арыз түсірген 13 ардагердің әрқайсысына 1 миллион теңгеден моральдық өтемақы беруі тиіс. Бірақ бас редактор оның бірде бірін орындамаймын деп кетті.

Әрекетім әдептен аспады деген журнал басшысы Жарылқап Қалыбай бұл шешіммен келіскен жоқ.

"Кешірім де сұрамаймын, ақша да төлемеймін, апелляциялық сотқа беремін. Және мына кісіні жала жапқаны үшін тағы да сотқа беріп қойдым", - деді Жарылқап Қалыбай.Еске сала кетсек, Жеңіс күні қарсаңында "Аңыз адам" журналы мына бір мұқабасымен ел ішін дүрліктірген еді. Гитлерге тұтас бір санын арнап, мақала жариялаған. Басылымның бұл әрекетін бірі ақтады, енді бірі даттады.

Тіпті ашуға мінген ардагерлердің бір тобы журналды жиылып, өртеуге дейін барған. Ал басылым өкілдері болған жәйтке журналистерді айыптап әлек.

Демек қателігін түсінгені. Әлі жас, кемшілігін түсінер деп үміттенемін. Өйткені Гитлерді қай жағынан алсаң да дәріптеуге, ақтауға болмайды. Ол үлендерді ғана емес, жас балаларды миллиондап өлтірді емес пе?

Ал Жарылқап Қалыбайға ренжіген 13 ардагер: "Сот бекіткен өтемақыны бас редактор бермесе, бермей-ақ қойсын", дейді. Өйткені ешкім ақша үшін соттаспаған. Бірақ қоғам алдында кешірім сұрауын талап етуде.  Соғыс ардагерлері қоғамдық қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы Александр Колесников басы дауға қалған редактор кешірім сұраса, жомарттық тануға дайын екендерін жеткізді.

"Демек қателігін түсінгені. Әлі жас, кемшілігін түсінер деп үміттенемін. Өйткені Гитлерді қай жағынан алсаң да дәріптеуге, ақтауға болмайды. Ол үлендерді ғана емес, жас балаларды миллиондап өлтірді емес пе?", - дейді ол.Осылайша Гитлерге қатысты дауға әзірге нүкте қойылмайтын сияқты. Екі тараптың әлі де біраз бір-бірін сотқа сүйрейтін түрі бар.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/319876-anyz-adamnyn-bas-redaktory-13-mln-toleuden-bas-tartty.html