Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды жолдарын вакуумды шаңсорғыш жинайтын болды

Опубликовано:

Қарағанды коммуналдық қызметкерлерінің техникаларының қатарында вакуумді сыпыру-жинау көлігі пайда болды, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.

"Благоустройство" КМК арнайы техника паркі вакуумді сыпыру-жинау көлігімен толықты. Мұндай машина қалада жалғыз. Коммуналдық қызметкерлер оны "жол шаңсорғышы" деп атайды. Артықшылығы, ол бір уақытта екі шахтасымен жұмыс істейді. Сол себепті жиналатын жол аумағы 3,6 метрге дейін ұлғаяды", - делінген хабарламада.

Мұндай бір көлік шаң жинайтын қарапайым 6 машинаны алмастыра алады екен. Оның құны - 41 млн теңге. Қажетті қаражат қалалық бюджеттен бөлінген.

"Мәселен, жүргізуші жолда жатқан бөтелкені көрсе, түймені басу арқылы бекітілген шланг көтеріліп, қоқысты жинайды. Көлікке 7,5 текше метр қоқыс сыяды. Біздің сұрауымызбен оған қосымша суы бар бак орнатты. Осылайша жанар-жағармайды үнемдейтін болдық", - деді "Благоустройство" КМК атқарушы директоры Арман Сәрсенбаев.

Оның сөзіне қарағанда, осыған дейін мұндай техника тек Астанада ғана пайдаланылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/320015-karagandy-zholdaryn-vakuumdy-shansorgysh-zhinajtyn-boldy/

pixel