RU

Роза Рымбаева аты шулы "Бешбармақ" бейнеклипіне қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева өзі түскен аты шулы "Бешбармақ" бейнеклипіне қатысты 7-арнаға мәлімдеме жасады.

Ғаламторда бірер күн бұрын пайда болған бейнебаянда қазақтың ұлттық тағамы бешбармақ жайлы ән шырқалады.Онда рэперлардан бөлек, Роза Рымбаева және оның ұлы Әли Оқапов пен Нұрлан Абдуллин де бар.

Бірақ, туындының көпшілікке жол тартқаны сол-ақ еді, сынның астында қалды. Әлеуметтік желілерде әншіге назын білдіріп, гулеп жатқан халық "Роза Рымбаева өнерінің шыңына жеткенде, сүрінді" деген пікірлер жазуда.

Алайда, Роза Қуанышқызы "мұнда тұрған еш өрескелдік жоқ", - дейді.

"Керісінше, режиссерлер ұлттық тағамды насихаттайтын клипке түсуге шақырған соң келістім" деп отыр.

"Халықтың көңілінен шығу мүмкін емес қой. Бешбармақты мақтау үшін басқа ұлттың өкілдері клип түсіріп, өздері рэп жазып жатқан кезде біз неге сыртта қалуымыз керек. Бір ғана сөз "қазы, қарта, жая" дегенді айтып берсеңіз, әйелдің дауысы керек, оның үстіне белгілі ана, әйел болу керек деген соң қатысқан едім", - дейді ҚР Халық әртісі Роза Рымбаева.

Роза Рымбаеваның ет туралы бейнебаяны көпшіліктің наразылығын туғызды,

ұлттық құндылықтарды қор қылу деп ұққан. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/320122-roza-rymbaeva-aty-shuly-beshbarmak-bejneklipine-katysty-melimdeme-zhasady.html