RU

Facebook 600 мың қолданушысының үстінен құпия эксперимент жүргізген

Facebook компаниясының ресми өкілі Шерил Сандберг әлеуметтік желінің 600 мыңнан астам қолданушысынан олардың үстінен жүргізген психологиялық эксперимент үшін кешірім сұрады, деп жазады шетелдік БАҚ.

"Біз ешкімді де ренжіткіміз келмейді, бұл экспериментті қызмет сапасын арттыру үшін жасадық", - дейді ол.

Тарқатып айтсақ, Facebook компаниясы автоматты түрде жарты миллионнан астам желі қолданушысын таңдап алып, оларға зерттеу жүргізген. Мамандар таңдалып алынған адамдарды екі топқа бөліп, олардың бір тобына жағымды жаңалықтар жіберіп, екінші тобына жағымсыз ақпараттар жіберген.

Осының нәтижесінде қолданушылардың бұл жаңалықтарды қалай қабылдайтыны және оларға қандай әсер бергені мәлім болған. Қолданушылар өз сезімдерін алған ақпараттарын талқылау барысында білдірген.

Бұндай шараның өткендігі жарияланғаннан кейін қолданушылар әлеуметтік желі басшыларын сынның астына алды.

Бірақ компания өкілдері зерттеу жүргізілген адамдар жайлы ақпараттың ешқайда тарап кетпейтіні, құпия сақталатыны туралы хабарлап, олардың алаңдауына еш негіз жоқ екендігіне сендіріп бақты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/320230-facebook-600-myn-koldanushysynyn-ystinen-kypiya-eksperiment-zhyrgizgen.html