RU

Алматыда ауа температурасы 40 градусқа жетуі мүмкін

7 шілде мен 13 шілде аралығында Алматыда ыстық болады. Күндіз ауа температурасы +34, +37 градусқа дейін көтеріледі. Түнде сынап бағаны +17, +22 градусты көрсетеді.

Бұл туралы intellicast.com сайты хабарлады.

Синоптиктердің айтуынша алдымыздағы бейсенбі күні апта ішіндегі ең ыстық күн болмақ. Бұл күні термометр бағаны +40 градусқа жетеді.

Қазақстанның шығыс аймағында апта басында күн бұлттанады. Дүйсенбіде өткінші жауын жауады деп күтілуде. Түсте күн құбылмағанымен, кешке найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Метеорологтардың хабарлауынша, қалған күндері аспан ашық болады. Күндіз ауа температурасы +29, +34 градусты көрсетсе, түнде +17, +22 градус нөлден жоғары болмақ.

Республикамыздың батыс бөлігінде 7 мен 13 шілде аралығында термометр бағаны +30 градустан жоғары болады. Ал аптаның соңында күн бұзылу ықтимал. Түнде ауа температурасы +13, +19 градусты белгілейді.

Еліміздің солтүстігінде 7 мен 13 шілде күндері +29, +33 градус ыстық болады. Апта бойы аспан бұлттанып тұруы мүмкін. Жауын жаумайды, түнде сынап бағаны +17, +19 градус жылы болады.

 

Смотри прогноз погоды на ближайшие дни на сайте Gismeteo.kz >>>

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/320363-almatyda-aua-temperaturasy-40-graduska-zhetui-mymkin.html