Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік жұлдыз Альбина Джанабаева ұлды болды

Опубликовано:

"ВИА Гра" тобының бұрынғы әншісі Альбина Джанабаева ұлды болды. Әнші осымен екінші баласын дүниеге әкеліп отыр.

Айта кетейік, Джанабаева мен Валерий Меладзенің Константин есімді 10 жасар ұлдары бар. Жұлдызды жұп енді екі ұлдың ата-анасы атанды. Әнші Альбина Джанабаева ұл туды.

Бұл туралы ресейлік жұптың жақын достарының бірі, кәсіпкер Сергей Кожевников хабарлады.

"Валерий Меладзе мен Альбина Джанабаеваны шын жүректен құттықтаймын! Жаңа туған нәресте ресейлік жұлдыздардың екінші балалары. Екеуі қазір Константин есімді 10 жасар ұлды тәрбиелеп отыр", - деп жазды Кожевников.

Әншінің әріптесі қуанышты хабарды естіп: "Мен Альбина үшін өте қуаныштымын! Оған және нәрестеге денсаулық тілеймін! Менің Альбинаға деген таңданысым ерекше. Ол керемет адам! Әріптесімнің сахнаға оралатын күнін тағатсыздана күтемін!",- деді.

Айта кетейік, Альбина Джанабаева өзінің отбасына және денсаулығына көңіл бөлу үшін мамыр айында Мәскеуден кетіп қалған болатын. Демалысқа шыққанға дейін әнші жеке орындауында бірнеше ән жаздырып, спектакльдерге түсіп үлгерген еді. Сахнаға Джанабаева күздің орта кезінде оралуды жоспарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/320372-resejlik-zhyldyz-albina-dzhanabaeva-yldy-boldy/

pixel