RU

Ғалымдар кенгурудың құйрығы оның аяғы екенін анықтады

Тағам іздестіру кезінде кенгурулар екі аяқпен секіріп жүрмейді, 4 аяқтап жүреді екен. Осы кезде оның құйрығы бесінші аяқтың рөлін атқарады, делінген Biology Letters журналында жарияланған ғылыми мақалада.

Боулдердегі (АҚШ) Колорадо университетінің,  Саймон Фрейзер атындағы университеті  (Канада) және Жаңа Оңтүстік Уэльс (Австралия) университетінің  ғалымдары  үлкен кенгурудың тамақтануы мен оның қимылдарын зерттеді. Нәтижесінде қозғалыс кезінде жануардың құйрығы оның 4 аяғын қоса алғандағы қозғалыс күшін беретінін аңғарған."Кенгуру "жүргенде" құйрығын аяқ ретінде пайдаланатынын байқадық", - деді зерттеудің жетекші авторы, Саймон Фрейзер атындағы университтің ғалымы Максвелл Донелан."Жануар құйрығын тіреуіш зат ретінде, қозғалыс мүшесі ретінде жылдамдықты қосу үшін пайдаланады.  Шын мәнісіне келсек, олар құйрығын аяқ сияқты пайдаланады", - деді зерттеу жұмысының тағы бір авторы Роджер Крам. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/320441-galymdar-kengurudyn-kyjrygy-onyn-ayagy-ekenin-anyktady.html