RU

Астанадағы Ұлттық мұражай Кенесары ханның басын қазаққа қайтара ала ма?

Жаңадан ашылған Ұлттық мұражай Кенесары ханның басын қазаққа қайтара ала ма? деген  мұражай директоры абайлап жауап берсе де, бұл бағытта жұмыс жүргізілетінін мәлімдеді.

Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихатын өткізген Дархан Мыңбай жалпы шетелде жатқан тарихи құнды мұраларымызды елге қайтару мақсатында бірталай шаруа жоспарланып тұрғанын айтты.

"Өте қиын бұл бірнеше рет көтерілген. Ол бойынша біз тек жұмыс жүргіземіз. Ол Эрмитажда бар ма? Мен оны айта алмаймын. Ғалымдар әр түрлі айтып жатыр біреулер былай де, біреулер олай дейді. Оны айтуға менің дерегім басқа жоқ боп тұр қазір", - деді

Бүгінде бірталай баға жетпес жәдігерлеріміз музей төрінен орын алып үлгерген. Оның ішінде Есік қорғанынан табылған "Алтын адам" да бар. Ашылу салтанаты алдында жәдігер Алматыдан жеткізілді.

Алайда жаңа ғимараттың қауіпсіздік жағдайы әлі толық жетілмегенге ұқсайды. Дархан Мыңбайға сұрақ қойған кейбір тілшілердің айтуынша мұражайдың бірінші қабатында бейнебақылау камералары жоқ.

Музейде Франция, Ресейден бастап өзге елдерден де көшпелі көрмелер қойылады. Бірақ, ол көрмелерді де, жалпы музейдегі отандық көрме залдарын да қанша теңгеге тамашалуға болатыны әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/320502-astanadagy-ylttyk-myrazhaj-kenesary-hannyn-basyn-kazakka-kajtara-ala-ma.html