RU

Вице-министр: Жылқы етінен жасалатын тағамдар ұлттық бренд болуы тиіс

Халықтың жылқы етінен жасалатын ұлттық тағамдары қазақстандық бренд болуы тиіс.

Бұл жайында бүгін "Ұлттық бренд-2014" жергілікті қамтуды дамыту мәселелеріне арналған республикалық көрме-форумда ҚР ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Сапархан Омаров мәлім етті.

"Біз ет өнімдері ішінен жылқы етінен жасалатын ұлттық тағамдар, ал сүт өнімдерінен түрлі қоспалармен жасалатын балаларға арналған асептикалық және "Айналайын" сүттері брендке айналуы тиіс деген пікірге келдік", - деді ол.

Оның атап өтуінше, мұндай ортақ пікірге Ауыл шаруашылығы министрлігі "Сүт одағы" АҚ, "Қазақстанның сүт одағы" ЗТБ, "Беккер және Ко" БК, Қазақстанның тамақ және өңдеу өнеркәсібі тауарларын өндірушілері одағымен бірлесіп жүргізген зерттеулерден кейін келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/320531-vicze-ministr-zhylky-etinen-zhasalatyn-tagamdar-ylttyk-brend-boluy-tiis.html