RU

Құралай Нұрқаділова мейрамханалық бизнеспен айналыспақшы

Kuralai сән үйінің басшысы, танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова "Алматы" қонақүйі ғимаратындағы Issyk мейрамханасының бас директоры атанды, деп хабарлайды BusinessNews.kz-ке сілтеме жасап.

Дизайнер Құралай Нұрқаділова мейрамханалық бизнеспен айналыспақшы. Ол өзінің серіктестерімен бірге тарихи мейрамхананы сатып алған.

"Менде сән индустриясынан бөлек, бірнеше бизнес-жоба бар. Соның қатарын Issyk мейрамханасы толтырып отыр. Бұған дейін маған мейрамхана бизнесін жүргізуді ұсынғандар көп болғанымен, мен бас тартып келген едім. Бірақ бұл жолы серіктестерімe өз келісімімді бердім",– дейді Құрайлай Нұрқаділова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/320895-kyralaj-nyrkadilova-mejramhanalyk-biznespen-ajnalyspakshy.html