RU

Неміс футболшысы Тони Кроос Бразилия-Германия матчының үздік ойыншысы атанды

Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Тони Кроос әлем чемпионатының ½ финалдық кездесуінің үздік ойыншысы атанды.

Ақпарат FIFA-ның ресми сайтында жарияланды. Кроос ойнаған 90 минуттың ішінде 2 рет гол соқты. Онымен қоса қарсыластың қақпасына 3 соққы жасап, 65 рет допты ойыншыларға шығарып берген, оның бірі гол соғу мүмкіндігін тудырды, деп хабарлайды 24.kz.

Айта кетейік, бұл бразилиялықтар үшін тарихтағы ең үлкен жеңіліс болды. Осыға дейін олар тек 1920 жылы Уругвай құрамасына 6 есептік айырмашылықпен ұтылып көрген (0:6).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/321073-nemis-futbolshysy-toni-kroos-braziliya-germaniya-matchynyn-yzdik-ojynshysy-atandy.html