RU

ОҚО-да пойыз 30 жастағы әйелді басып кетті

Жолаушылар пойызы теміржол бойында 30 жастағы әйелді басып кетті, деп хабарлайды BNews.kz төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жамбыл – Талас" стансалары аралығындағы 3517 шақырымда №86 "Сарыағаш – Астана" бағытындағы жолаушы тасымалдайтын пойыз бесінші шілде күні түнгі он екі шамасында 1983 жылы туған азаматшаны басып кеткен. Ол ауыр жараланып, оқиға орнында көз жұмған.

Басқа пойыздардың қозғалысы тоқтатылмай, кесте бойынша жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта, әйелдің өз өміріне әдейі қол салғандығы немесе оқиғаның абайсызда болғандығын анықтау үшін полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/321206-oko-da-pojyz-30-zhastagy-ejeldi-basyp-ketti.html