RU

Қазақстандағы саяси партияларды кім қаржыландырады?

Бүгінде әлемде саяси партиялардың қызметін қаржыландыру бірнеше жолмен іске асырылады. Кейбір елдер (Қытай, Солтүстік Корея) Кеңес одағының ізін қуып, елде тек бір ғана партияны қанатының астына алған.

Оның қаржыландырылуы толығымен мемлекеттің мойынында. Бұл елдегі билікті уыста ұстап тұруға мүмкіндік бергенімен, бірпартиялы жүйемен алға жылжу түптің түбінде оңайға тимейді деп жазады Abai.kz.Сонымен қатар, саяси ұйымдарды қолдаудың әлемде алдыңғы қатарлы елдерде қолданылатын тағы бір тәсілі бар. Ол - сайлаушылар сеніміне ие болған партияларды мемлекеттің толықтай болмаса да, белгілі бір шарттармен қаржылай қолдауы. Партияларға мемлекет қоржынынан қаржы бөлу 60-70 жылдары Батыстың дамыған елдерінен бастау алған. Ең бірінші оны Германия жүзеге асырып, артынша Франция, Австрия, Швеция, Финляндия, Дания қолға алды 70-ші жылдары Италия, Норвегия, Канада және АҚШ осындай тәсілге көшті.Қазақстанда қазір партиялар бюджеттен қаражат алып отыр және бұл демократиялық үрдіс болып саналады-мыс.2009 жылдың 3 қыркүйегінде ҚР Орталық сайлау комиссиясының "Саяси партияларды қаржыландыру ережесін бекіту туралы" №166/314  қаулысы қабылданған.

Соған сай бөлінетін бюджет қаржысы соңғы сайлауда жеткілікті дауысты жинап, Парламентке өткен партияларға ғана тиісілі.

Ал қаржының көлемі әрбір сайлаушы дауысы үшін ең аз жалақы мөлшерінің үш пайызы ескеріле отырып айқындалады.Яғни, қайсысы дауысты көп алды, майлы жіліктің басы сол партияға бұйырады.Қазақстанда ондай бақытқа үш партия ие. Олар – 2012 жылғы Мәжіліс сайлауында 80.99% дауыс жинаған, төменгі палатаға 83 депутатын өткізген "Нұр Отан", 7.47% дауыс жинаған, 8 депутаты бар "Ақ жол",  7.19% дауысқа ие болып, 7 депутаты сайланған Қазақстан коммунистері халықтық партиясы.Елімізде қазір ең төменгі жалақы 19 966 теңге. Оның 3 пайызы 598.98 теңге болады. Енді осыны "Нұр Отанға" дауыс берген 5 621 436 сайлаушыға көбейтеміз. Сонда шыққаны 3 миллиард теңгеден асып түсті, нақты айтсақ 3 367 127 735 теңге.Осы формуламен "Ақ жолдың" ақшасын есептегенбіз, шыққаны – 310 514 226 теңге. ҚКХП-ға тиесілі қаржы 298 764 036 теңге екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/321287-kazakstandagy-sayasi-partiyalardy-kim-karzhylandyrady.html