Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мейрамбек Беспаев үйленгенінің 10-жылдығын Парижде атап өтті (видео)

Опубликовано:

Жақында ғана Астанада жеке ән кешін өткізіп, халықтың ыстық ықыласына бөленген әнші Мейрамбек Бесбаев концерттен соң іле-шала отбасымен Париж қаласына жол тартты.

Биыл елдің сүйікті әншісі Мейрамбек пен оның жары Мархаббаттың отау құрғандарына 10 жыл. Махаббат мекені Францияның Париж қаласында айтулы датаны атап өтуге кеткен жұп өздерімен бірге қыздары Кәусарды да алып алған.

Сондай-ақ әншінің қасында бірнеше дос-жарандары бар.

Бесбаевтар отбасы бірнеше күн бойы Парижде тұрақтап, одан әрі Миланға барып, кейін Түркияның Жерорта теңізінде демалыстарын жалғастыруды жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/321326-mejrambek-bespaev-yjlengeninin-10-zhyldygyn-parizhde-atap-otti-video/

pixel