RU
Қазақстандық азамат электронды жайнамаз ойлап тапты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Қазақстандық азамат электронды жайнамаз ойлап тапты

Расказать Вконтакте

Қазақстандық Алханбай Сатыбалдыұлы бес уақыт намаз бен үтір намазының оқылуын тәртібімен үйрететін электронды жайнамаз ойлап тапты.

Арнаулы құрылғы орнатылған жайнамаздың көмегімен намаз оқуға ниетті жандар дұрыс намаз оқу тәртібін үйрене алады. Ең бастысы, жаңадан намаз оқи бастаған намазхандар құрылғыға ілесіп оқу арқылы намаз рукіндерін мұқият орындап үйренбек.

Қазақстандық азамат электронды жайнамаз ойлап тапты

 

Ұзындығы 140 см-ге шақталған электронды жайнамаз зағип жандар үшін тіптен тиімді. Алханбай мырза электронды жайнамазды елдің ішкі нарығына ғана емес, мүмкіндігінше әлемдегі мұсылман елдер үшін де қолжетімді болуын көздеп отыр.

Асыл ұлттық құндылықтар мен технология мүмкіндіктері пайдаланылған дінімізді насихаттайтын отандық өнім ұлттық экономикамызды дамытудың аса қуатты мүмкіндігі болмақ, деп жазады islam.kz.

Расказать Вконтакте

Новости партнёров

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір