RU

Қайрат Нұртастың "KN" бренді ұлттық киім өндірумен айналыспақ

Қайрат Нұртастың "KN" бренді ұлттық киімдер өндірумен айналыспақ. Бұл туралы Massaget.kz хабарлайды, деп жазады lite.bnews.kz.

Алматы қаласында KN брендінің тігін ательесі ашылған. Бұл ательеде бишілердің ұлттық киімдері, қазақша ою-өрнектер таңбаланған киімдер, мектеп жасындағы оқушылардың киімдері, перделер, қыз ұзату көйлектерін дайындайды. Тігін сәнханасы бұдан басқа да тапсырыстарды қабылдайды.

Қайрат Нұртастың продюсері Гүлзира Үсенқызының айтуынша, KN бренді Қазақстанның барлық облыстарынан тапсырыстар қабылдайды және киім сату қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің жаңа кәсіп көзін ашуға мүмкіндік береді.

Тігін сәнханасына қазірдің өзінде ата-аналар бүлдіршіндерге Қайрат Нұртастың киетін пиджактарына ұқсас киімдерге тапсырыс беруде екен.

"Мақатаев пен Қонаев көшелерінің қиылысында тігін ательесін аштық. Өнімнің құны нарықтағы бағадан төмен болады", - дейді Гүлзира Үсенқызы.

Әншінің продюсері әрі анасы "KN" брендінің маркетингтік концепциясында тағы да бір жоба қарастырылғанын айта кетті.

"Мәселен, біздің брендтен шығатын киімдерді кәсіпкерлер еліміздің өзге қалаларында да сатып, жеке бизнес аша алады. Неліктен қазақтар түріктің, я болмаса Қытайдың киімін әкеліп сатуы керек? Егер өнім өзімізде болса, еліміздің экономикасы үшін бұл пайдалы емес пе? Осы орайда қазақстандық кәсіпкерлерді KN бренді ел экономикасына үлес қосуға шақыратынын айтқым келеді", - деп аяқтады сөзін продюсер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/321738-kajrat-nyrtastyn-kn-brendi-ylttyk-kiim-ondirumen-ajnalyspak.html