RU

Volkswagen жеті орындық көлік шығаруды қолға алмақ

Volkswagen компаниясы жеті орындық кроссоверін шығару ниетін ресми түрде жария етті. Бұл көлікті шығару ісі 2016 жылдан бастап қолға алынбақ.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жол талғамайтын бұл автокөлік компанияның Американың Чаттанунга қаласындағы зауытында өндірілмек.

Ол үшін кәсіпорын 900 млрд доллар көлемінде инвестиция салып, шамамен екі мыңға жуық адамды жұмысқа алады.

Жаңа көліктің двигателінің қуаты 302 аттың күшіне тең болғанымен, ең жоғарғы жылдамдығы аса көп емес - сағатына 204 шақырымды ғана құрайды, деп жазады autonews.ru.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/322038-volkswagen-zheti-oryndyk-kolik-shygarudy-kolga-almak.html