RU

Алматыда күндіз көлік жуып түнде тәнін сатқан жезөкшелер ұсталды

Алматыда көлік жөндеу орнынан "түнгі көбелектердің ұясы" табылды. Сөйтсе, жан-жақтан жиналған жезөкшелер күндіз қарапайым көлік жуушы болып, ал нағыз "қызметін" түнде атқарады екен.

Лас ғимарат ішінде тіпті жуынатын бөлме де жоқ. Бұрын-соңды мұндай сұмдыққа жолықпаған полицейлердің өздері астыртын "қонақ үйдегі" көріністі көріп, жағаларын ұстады.             Көлік жөндеу станциясының ішінде 20 бөлме. Бірақ, бұл төсектерде жатқан механиктер емес, нағыз "еңбекқор" әйелдер. Күндіз көлік жуып, түнде төсек үстінде табыс табады.          Техникалық қызмет көрсету орталығының іші клиентке де толы. Бір бос төсек жоқ. Нәпсіқұмарлар кіре берісте де бірінен соң бірі кезекте тұр. Жасырын қонақ үйде "түнгі көбелектің" түр-түріне тапсырыс беруге болады екен. Тіпті, айы-күні толған жүктілер де "жұмысқа" дайын тұр.    Сөйтсе, барлығы 50 қыз-келіншек көлік жөндеу орталығын мекендеген екен. Әлі күйеуге тимеген студент қыздар жетерлік. Көбі Шымкент қаласынан оқу іздеп келгендер.Ал нәпсісін тия алмағандардың азамат түні біраз қызықтан қағылды. Тапсырыс берген жезөкше орнына бөлмесіне полицейлер ентелеп кірді. Бұтын жауып үлгергені сол еді, тәртіп сақшылары сүйреп әкетті.

Шырт ұйқыдағы жігіттерді де тәртіп сақшылары төсектен тұрғызды. Бұл таңды олар жезөкшелермен бірге бөлімшеде өткізеді.

Тек көлік жөндеу орталығының қожайыны таптырмады. Жасырын "қонақ үй ашып", ішін жын-ойнаққа айналдырған "жеңгетай" енді кемі 3 жыл бостандық көрмеуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/322052-almatyda-kyndiz-kolik-zhuyp-tynde-tenin-satkan-zhezoksheler-ystaldy.html