Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең табысты модельдің күніне қанша ақша табатыны белгілі болды

Опубликовано:

Әлемдегі ең табысты модель Жизель Бундхен болып саналады. Бразилиялық супермодель бірнеше жыл қатарынан әлемдегі ең табысты модельдердің көш басында тұр, деп жазады lite.bnews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, Бундхен жақында Бразилияда өткен Әлем чемпионатында жеңімпаз командаға Кубокты табыстау құрметіне ие болды.

Forbes журналының нұсқасы бойынша, бразилиялық сұлу сән әлеміндегі ең табысты модельдердің тізімінде осымен сегізінші рет көш бастап тұр. Биыл ол өзге әріптестерін тағы да басып озды.

Жизель Бундхеннің 2013 жылдың маусымы мен 2014 жылдың маусымы аралығында тапқан табысы 47 миллион долларды құрады. Демек, супермодель күніне 128 мың доллар табыс табады екен.

Жизельдің өзі "Журналистер маған артық ақшаны қосып есептейді",- дейді. Дегенмен, 2-3 миллионды артық қосқанның өзінде де Бундхен бірінші орында тұр.

Қазір оған Chanel, Balenciaga, Carolina Herrera, H&M, Pucci, Pantine, Oral-B және тағы басқа сән үйлерінен ұсыныстар келіп түсуде.

Екінші орынға Миранда Керр орналасты. Оның бір жылдық табысы 35 миллион долларға жеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/322368-elemdegi-en-tabysty-modeldin-kynine-kansha-aksha-tabatyny-belgili-boldy/

pixel