RU

"Сүлеймен сұлтан" телехикаясының жұлдызы тұрмысқа шықты

"Сүлеймен сұлтан" телехикаясындағы Михримах сұлтанның рөлін сомдаған актриса Пелин Карахан тұрмысқа шықты деп хабарлайды Lite.BNews.kz.

Үйлену тойының алдында ұйымдастырылатын "Хна яхты" дәстүрі Стамбулдың "Beykoz Konakları" ауданында өткен болатын. Енді міне, көптен күткен үйлену тойы да бар сән-салтанатпен тойланды. Үйлену тойының алғашқы суреттерін 30 жастағы актриса әлеуметтік желіге жариялады.

Айта кетейік, Пелин Карахан 2014 жылдан бастап кәсіпкер Бедри Гюнтаймен кездесіп жүрген болатын.

Екеуі 4 ай көңіл жарастырып жүріп, үй болуға бекінді. Қазір жас-жұбайлар "бал айына" аттанып, отбасылық өмірдің ең бақытты кезеңін бірге өткізіп жүр.

Актриса әлеуметтік желідегі парақшасына: "Бақытты сәттер, бал айы, бақытты әке", деп жазыпты. 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/322494-sylejmen-syltan-telehikayasynyn-zhyldyzy-tyrmyska-shykty.html