Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық волейболшы қыз қытайлықтардың жүрегін жаулап алды (фото)

Опубликовано:

17 жастағы қазақстандық волейболшы қыз Сәбина Алтынбаева Қытайдың әлеуметтік желілерінің пайдаланушылардың арасында зор танымалдылыққа ие болды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Небәрі бір-ақ күнде Instagram-да Сәбина Алтынбаеваның фолловерлерінің саны 2000-нан асып кеткен. Қазіргі уақытта олардың саны 80 мыңға жуықтап қалды.

Қытайлық "Феникс" сайты жазғандай, Қазақстан әйелдер волейбол командасының 20-шы нөмірлі ойыншысы Сәбина Алтынбаеваның фотосуреттері Қытайдың әлеуметтік желілерін жаулап алды.

Қазақстандық спортшы қыздың бойы - 182 см. Сәбина Алтынбаева Ақтөбе қаласында спортпен шұғылданатын отбасында дүниеге келген. Үш жылдан бері волейбол ойнап жүр.

2012 жылы Қытайдың Цзыян қаласында әйелдер арасында өткен волейбол бойынша IX Азия жасөспірімдері чемпионатына қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/323062-kazakstandyk-volejbolshy-kyz-kytajlyktardyn-zhyregin-zhaulap-aldy-foto/

pixel