RU

АҚШ ғалымдары ашығудың денсаулыққа пайдасын дәлелдеді

Ашығу организмді сақтауға көмектеседі деген пікір ғалымдар арасында көп жылдар бойы талқыланып келген. Енді бұл теорияға ғылыми дәлелдер табылды деп жазады Қазақпарат.

Жуырда Оңтүстік Калифорния Университетінің ғалымдары осы тақырыпта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасады. Нәтижесінде олар ашығу иммундық жүйенің жаңаруы екені дәлелденді.

Ғалымдар жарты жыл бойы тышқандарға тәжірибе жүргізген. Оларды 4 күн тамақсыз қалдырғанда лейкоциттер көлемі азайып, қайта тамақтандырғанда иммунды жасушалар деңгейі көтерілгені анықталады.

Осыдан кейін АҚШ ғалымдары аздаған уақыт тамақ ішпеу пайдалы деген қорытынды шығарды. Өйткені, ашығу кезінде ескі жасушалар өліп, жаңалары қалыптасады. Осылайша, түрлі аурулардың алдын алуға болады, делінген зерттеу мақалада.

Қатты суық тигенде адамның тамақтанғысы келмейтіндігі осыдан. Себебі, организмнің қорғаушы реакциясы пайда болып, жаңа жасушалар қалыптасады. Бұл тәжірибе қатерлі ісік, гепатит, ЖИТС ауруларына шалдыққандарға да пайдалы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/323162-aksh-galymdary-ashygudyn-densaulykka-pajdasyn-deleldedi.html