Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қой басы пішіндес торт көпшіліктің наразылығын тудырды (фото)

Опубликовано:

Алматының танымал кондитерлік дүкендерінің бірінде қазақтың ұлттық тағамы пішініндегі торт пайда болды. Торт наны мен еті, қойдың бас салынған табаға ұқсайды деп хабарлайды NUR.KZ.

 "VIP"-торттың бағасы 1 келісі үшін 5500 теңгені құрайды. Ал атауы, неге екенкі белгісіз, "Мадонна".

Кейбір қала тұрғындары әлеуметтік желіде жарияланған торттың суретіне: "Ұлттық тағамымызды, қойдың басын мазақ қылу ғой мынау?! Басқа идея құрып қалған ба?", - деп жазса, кейбіреулері тәтті балкүлшенің тәбетті аша қоймайтынын байқапты.

Көзі қырағы оқырмандарымыз бұл торт көктем мезгілінде "Наурыз" атауымен сатылғанын айтады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Халық әртісі Роза Рымбаева мен оның ұлы Әли Оқапов "Бешбармақ" әнін саламыз деп, бастары дауға қалған болатын.

Кейін "Беш" бейнебаянының продюсері халықтан кешірім сұрады.  

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/323511-koj-basy-pishindes-tort-kopshiliktin-narazylygyn-tudyrdy-foto/

pixel