RU

Қазақстанда темекі бағасы қымбаттайды

Қаржы министрлігі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап темекінің бір қорабы үшін ең төменгі бағаны 200 теңгеден кем қылмауды ұсынып отыр деп хабарлайды Baq.kz.

Халықты әлеуметтік зиянды тауарларды тұтынудан сақтау мәселесіне орай, темекі және алкоголь өнімдеріне акциздердің мөлшерлемелерін арттыру жөнінде көптен айтылып келе жатқан еді.

Бұл арнайы жоба 2016 жылы күшіне енуі тиіс. Соның ішінде темекі өнімдерінің акциз мөлшерлемесін де едәуір көбейту көзделуде.

Қолданыстағы Салық кодексінде биылғы жылы 1000 дана темекіге салынатын акциздер өлшемін 1550 теңгеден 3000 теңгеге дейін ұлғайту қолға алынуда. Жаңа заң нұсқасына сай, 2015 жылдан мың дана темекіге 3 мыңнан 3900 теңгеге дейін, 2016 жылы 3900-ден 5 мың теңгеге дейін өсіру ниеті орнықтырылады.

Сонымен бірге филтрлі темекінің жыл сайынғы акцизді өсімі – 30 пайызды құрайды. 2013 жылдың 31 қаңтарындағы филтрлі бір қорап темекі бағасы 130 теңге болса, 2014 жылдың бірінші қаңтарында 150 теңгеге өскен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/323523-kazakstanda-temeki-bagasy-kymbattajdy.html