RU

Қасиетті Қадір түні семейліктер аспаннан "Алла" деген жазуды оқыды

Семейліктер аспаннан "Алла" деген жазуды оқыды. Қасиетті Қадір түнін қарсы алған жамағат көкте жаратушының есімі жазылғанын байқап, оны бірден суретке түсіруге асыққан.

Таңға дейін жаратқаннан тілек тілеген жұрт аспандағы жазуды көріп, оны тылсым белгіге балап, таңырқаған деп хабарлайды КТК арнасы.

Төте жазуды түсінетін кейбірі одан "Алла – жалғыз жаратушы" деген тіркесті оқыпты. Өзгелері мұны ұшақтың ізі шығар деп ойлаған.

Ал дін қызметкерлері бұл араб әріптері екенін растап отыр. Алайда олардың ойынша, бұл "Алла" емес, "Мұхаммед" дегенге келіңкірейді. Қалай дегенмен, имамдар мұны қасиетті түнде жаратушы жіберген белгіге балауда.

"Арабша әріптерге ұқсайды. "Мұхаммед" деген мағынадағы "сүмим", "һа", "суат" деген сияқты әріптерге ұқсайды. Біз қазақ ырымшыл халықпыз ғой. Бұл да бір игіліктің, жақсылықтың белгісі шығар, нышаны шығар деп ойлаймын", - деді Семей қалалық орталық мешітінің наиб-имамы Бекзат Баешов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/323588-kasietti-kadir-tyni-semejlikter-aspannan-alla-degen-zhazudy-okydy.html