Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды тұрғыны аяқ киімді өлшемек болғанда, табанына шеге кірген

Опубликовано:

Жаңадан спорттық аяқ киім сатып алмақ болған Қарағанды тұрғынының басы пәлеге қалды. Қаладағы ірі дүкендердің ішінде аяқ киімді өлшемек болған Юлия Баранова табанына шеге кіргізіп алған.

Қарағандылық әйел тауарларға чиптарды бекітетін шегені сауда орталығының қызметкерлері қасақана салғанына сенімді.

Юлия Баранова сапалы аяқ киім үшін жаңа дүкендердің біріне бас сұққан. Қаладағы ірі сауда орталығында ұнаған спорттық аяқ киімді өлшеймін деген ол табанына 2 сантиметрлік шегені кіргізіп алғанын айтады. Алғашқыда шу шығару ойында болмаған бойжеткен, шағым кітапшасын сұраған көрінеді. Алайда сатушы кітапшасының жоғын айтып, мәселені жылы жапқысы келген.

"Ол дүкенде өз-өзіне қызмет көрсетесің. Сондықтан мен өзімен ұнаған аяқ киімді алып, оны киіп көре бастадым. Сол кезде аяғым өткір бірнәрсеге тиді. Қарасам, шеге екен. Сосын дүкеншілерден шағым кітапшасын сұрап едім, олар дүкен жақында ашылғанын айтып, кітапша жоқ деді", - дейді Юля Баранова.

Сауда орталығының тұрақты клиентінің сөзінше, сатушылар кешірім сұраудың орнына Юлияның өзіне дауа көтерген көрінеді. Тіпті, жапа шеккен 28 жастағы қарағандылыққа ұры деп кінә артқан.

"Олар бір рет те болсын кешіріңіз деп айтқан жоқ. Не басшылығы, не дүкен қызметкерлері келіп жағдайымды да сұраған емес. Керісінше маған мүмкін сіз аяқ киімді ұрлап кеткіңіз келді деп кінә тақты. Менің ойымша, олар шегені әдейі салып берді", - дейді.

Ал басы дау-дамайға қалған "Спорт мастер" дүкенінің директоры мәселені түсіндіруге асықпайды. Керісінше, сауда орталығының басшылығы түсірілім тобымыздан қашып әлек. Амалы қалмаған Юлия Баранова көмекке тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамына жүгінген.

Бұндай жағдаймен алғаш рет кездесіп отырған ондағылар сауда орталығының мамандары өз қызметтеріне немқұрайлы қарағанын айтады.

Сапалы аяқ киім іздеймін деп, даудың астында қалған 28 жастағы Юлия жақында полиция бөліміне шағымданыпты. Қазір әйелдің моральді шығын өтеу туралы ісі қарастырылу үстінде көрінеді. Шегені спорттық аяқ киімге әдейі салды деген қарағандылық әйел соңғы күндері орын алған оқиғадан кейін аталған дүкенге баруға ниеті де жоқ көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/323718-karagandy-tyrgyny-ayak-kiimdi-olshemek-bolganda-tabanyna-shege-kirgen/

pixel