RU

Бала сүюді армандаған ақтөбелік жөргексіз жүре алмайтын хәлге жетті

Салдарынан 45 жастағы Аяш Сәтиеваның дәреті тұрмай, жөргексіз жүре алмайтын хәлге жетіпті. Еліміздегі урологиялық институтта ем алып, екі рет тесікті тіктірткенімен еш көмегі болмай тұр деп хабарлайды КТК арнасы.

Отандық мамандардан көңілі қалған ол енді шетелдік емханаларға квота беруді сұрауда.Аяш Сәтиева қырыққа таяп тапқан тұңғышының жөргегін ауыстырып, жаялыққа ораймын деп қуанған еді. Бұл үміті керісінше болып шықты. Енді күнде өзінің жөргенін ауыстырып отыруына тура келеді. Себебі, сәбиін босанған соң жатырға біткен ісікке операция жасаған дәрігерлер қуығын тілгілеп тастапты. Соның кесірінен кіші дәреті тоқтамайтын боп қалған."Бұлай болар деп ойламаған едім. Талай жыл күткен арманым орындалғанда, міне, мүгедек болып қалдым. Бұл – дәрігерлердің салғырттығы. Сыртқа да шыға алмаймын. Мына жөргектерді күні-түні киемін енді", - дейді Аяш Сайтиева.Тесілген қуықты емдеу үшін алғашқыда Алматыдағы урологиялық институт мамандары ота жасапты. Бірақ он күнге жетпей тігісі ажырап кеткен. Кейін Ақтөбедегі медициналық университет профессорларының да отасы дертіне шипа болмады. Енді отандық дәрігерлерден көңілі қалған ол шетелдік мамандардың көмегіне жүгінуге ниеттеніп отыр.

Өз қаражатына емделуге жалғызбасты ананың қалтасы көтермейді. Ал жергілікті денсаулық сақтау басқармасындағылар Астанаға шеберлік сабағын өткізуге келетін шетелдік дәрігердің қабылдауына жібереміз деп уәде беруде. Алайда шетелдік маманның жарты жылсыз келмейтін сыңайы бар. Ал Аяш Сәтиева сонда да оны амалсыз күтеді. Ең бастысы үміті ақталса болғаны. Дегенмен, мамандар сол отаның нәтижесіне еш кепілдік бермейтіндерін айтуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/324067-bala-syyudi-armandagan-aktobelik-zhorgeksiz-zhyre-almajtyn-helge-zhetti.html