Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бауыржан Момышұлының ролін сомдаған актер отбасын құрды

Опубликовано:

Қазақтың батыр ұлының қайсар өмір жолы туралы түсірілген "Бауыржан Момышұлы" фильмінде басты рөлді ойнаған актер Еркебұлан Дайыров шаңырақ көтерді.

28 жастағы актердің таңдаған жары 26 жасар Ләйлә Тілеуова да өнер иесі екен. Бірқатар қазақстандық телехикаяларға түсіп үлгерген ол М.Әуезов атындағы театрдың сахнасындағы қойылымдарда көпшілік назарына ілігіп жүр, деп жазады lady.mail.ru.

Айта кетейік, Еркебұлан Ақан Сатаевтың фильмінде батыр атасының бейнесін сомдау арқылы танымал болған еді. Осы рөлі үшін ол "Намыс" медалімен марапатталды.

Александр Бектің "Волоколам тас жолы" атты туындысы бойынша түсірілген "Бауыржан Момышұлы" көркем фильмінде соғыстың қиын-қыстау күндерінде батырдың басынан кешкендері баяндалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/324119-bauyrzhan-momyshylynyn-rolin-somdagan-akter-otbasyn-kyrdy/

pixel