RU

Жаңа "Мария" той әні ғаламторды шулатты (видео)

Тойға жиі баратындар жақсы біледі, бүгінде қазақ тойларында "Мария арман едің, о,о,о, Жұлдыздай жанған едің, о,о,о, Жүректің болған емі, о,о,о, Өзіңсің жаным! Ай, ай, ай! Чип-чип, чип-чип, аха" деп шырқалып, жұртты шыр айналдырып билететін ән "хитқа" айналған.

"Алаш айнасы" халықаралық байқауларда бәйге алмаса да, қазақ тойларында халықтың ерекше сүйіспеншілігіне бөленген той әндерінің біразын көпшіліктің назарына ұсынып отыр.

Былтырлары Ақылбек Жеменейдің орындауындағы "Қызыл өрік" әні тойдағы топ әндердің тұғырынан түспей тұратын. Оның алдында Заттыбектің "Ақмаржанынсыз" той өтпейтін.

Жылдан жылға той да көбейді, ойнақы той әндердің қатары да молая түсуде. Тойшы қауым той әндерінің сөзіне мән беріп жатқаны шамалы, ең бастысы музыкасы ырқақты, көңілді болса болғаны.

Бүгінде бар қазақтың аузында жүрген той әндерінің көшбасшысы ақтөбелік Асхат Тарғыновтың "Мария Магдалинасы" болып тұр. Асхат бұл әнді қашан, қалай жазғанын, клипін қалай түсіргенін басқалар жаза жатар.

Асхат қандай мақсатта осы әнді жарыққа шығарса да, ең бастысы ән хитқа айналды. Әсіресе, әндегі "чип-чип" деген сөз деуге келмейтін дыбыстары дейміз бе, тойшы қауымды жемге шақырған балапандай жапа-тармағай билететініне куә болып жүрміз.

Асхат Тарғынов "Мария магдалена" Ақылбек Жеменей "Қызыл өрік" Ақылбек Жеменей "Миллион қыздар" Роза Әлқожа "Тойбастар" Төреғали Төрәлі "Іздеме" Ернар Айдар "Жарайма" Қайрат Нұртас, Әлішер Қайратұлы Бүркіт пен Айша "Тау-тау сезім" Жігіттер "Жүрегім менің жүрегім" Қарақат "Тойға тілек"

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/324187-zhana-mariya-toj-eni-galamtordy-shulatty-video.html