RU

Ақмолалық арақ ішпеу туралы ескертпесі үшін туған әкесін өлтірді

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен туған әкесін өлтіргені ұл 10 жылға сотталды, деп хабарлайды BNews.kz Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 22 жасар И. Коротков өзінің туған әкесін өлтіргені үшін 10 жылға бас бостандығынан айрылып, жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуге сотталды", - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Сотта белгілі болғандай, сотталушы И. Коротков мас күйінде әкесінің арақ ішпеу туралы айтқан ескертпесін көтере алмай, ашуға булығып, әкесіне ас үй пышағымен екі рет соққы жасаған.

Оқиғаның куәгері болған сотталушының кіші інісі әкесін қорғамақ болып, Коротковтан пышақты алып қойғанына қарамастан, қолына түскен таяқты алып әкесінің басынан бірнеше рет ұрған.

Шұғыл көрсетілген дәрігерлік көмекке қарамастан ақхалаттылар жәбірленушінің өміріне араша түсе алмады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/324330-akmolalyk-arak-ishpeu-turaly-eskertpesi-yshin-tugan-ekesin-oltirdi.html