Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ЮНЕСКО Шәкен Аймановтың 100 жылдығын атап өтеді

Опубликовано:

ЮНЕСКО ұйымы қазақстандық танымал режиссер Шәкен Аймановтың 100 жылдығын ресми атаулы шаралар күнтізбесіне қосты деп хабарлайды BNews.kz Мәдениет министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, 19 жыл ішінде бұл тізім Қазақстан үшін 14 мерейлі күнімен толыққан. Олардың қатарында, Абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Махамбет Өтемісов сынды жазушы, ақын, қайраткерлермен қатар, Мұхаммад Хайдар Духглат, Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан, Ақжан Жақсыбекұлы Машани сынды дарынды ғалым-зерттеушілердің мерейтойлары енген.

Бұдан бөлек, ЮНЕСКО-ның атаулы күндер қатарына Түркістанның құрылуының 1500 жылдығы, Тараз қаласының 1500 жылдығы, сонымен бірге "Қыз-Жібек" эпосының 500 жылдығы, композитор Ахмет Жұбановтың 100 жылдығы мен суретші Әбілхан Қастеевтің 100 жылдығы мерейтойы кірген болатын.

Келесі жылы ЮНЕСКО-ның тарихи күнтізбесіне белгілі жазушы Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығын қосу жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/324412-yunesko-sheken-ajmanovtyn-100-zhyldygyn-atap-otedi/

pixel