Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түсі құбылмалы балмұздақ ойлап табылды

Опубликовано:

Испандық физик әрі инженер Мануэль Линарес түсін өзгертетін балмұздақ ойлап тапты. Оның түсі жеген сайын өзгеріп отырады деп хабарлайды Baq.kz.

Балмұздақтың бастапқы түсі көгілдір. Жей келе ол алқызыл түске, соңында күлгін түске өзгереді. Линарестің айтуынша, тәтті тағамның құрамында ешқандай химикат жоқ, барлығы табиғи иннридиенттер. Балмұздақтың түсі адамның тіліне тиген кезде өзгереді. Яғни, сілекеймен араласқан сәтте ол ақырын өзге түске боялып отырады.

Хамелеон-балмұздақты ойлап табуға ғалымның 1 апта уақыты кетті. Оның дәмі болса түрлі жемістердің қоспасының дәміндей. Мануэль Линарес балмұздақты өзгерткен жалғыз ғалым емес. Бұған дейін британдық Чарли Гарри Фрэнсис жарық сәуле бөлетін, құрамында виаграсы бар және сұйық азоттан балмұздақ жасап шығарған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/324620-tysi-kybylmaly-balmyzdak-ojlap-tabyldy/

pixel